Қазақстан жаңалықтары16 мамыр 2024, 3:03

Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға жасалған қастандықты айыптады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицо қастандықты айыптады
8 қыркүйек 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:16 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:30 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 12:25 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар