Қазақстан жаңалықтары1 қараша 2023, 16:41

«Қазақфильм» киностудиясына ұлттық мәртебе беріледі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы жобаны қоғамдық талқылауға шығарды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Құжатқа сәйкес, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудия» АҚ болып қайта құрылады. 

«Бұл өзгеріс шығарылатын фильмдердің сапасын арттыру, сондай-ақ шетелдік кинокомпанияларды субсидиялаудың мемлекеттік операторы функцияларын іске асыру арқылы шетелдік инвестициялар тарту мақсатында енгізіліп отыр», - делінген құжатта. 

Сондай-ақ жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейтіні жазылған. Құжат 15 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды. 

Қазақфильм киностудия ұлттық мәртебе

Тақырыпқа жаңалықтар