Қазақстан әуе жолаушыларын тасымалдау бойынша рекорд жаңартты
Қазақстан әуе жолаушыларын тасымалдау бойынша рекорд жаңартты, деп хабарлайды Arbat.Media.
2025 жылдың шілде айында Қазақстан әуе компаниялары 1,7 млн жолаушы тасымалдап, 2024 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда көрсеткішті 12,9%-ға арттырды. Бұл – 2007 жылдан бері бір айдағы ең жоғары нәтиже, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Әуе компаниялары жыл басынан бері шамамен 9 млн-ға жуық адамды тасымалдаған.
Шілдеде жолаушылар тасымалынан түскен табыс 113 млрд теңгені құрап, өткен жылға қарағанда 15,6%-ға өсті. Жыл басынан бері табыс көлемі жарты триллион теңгеден асқан (+0,9%).
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: