Саясат Нұрбек ҚазҰУ студенті қазасына қатысты пікірін айтты
Саясат Нұрбек ҚазҰУ студенті қазасына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Шілде айы соңында ҚазҰУ-дың 1-курс студенті суицид істеп қаза болды. БАҚ қыздың өліміне оқу ақысын төлей алмауы себеп болуы мүмкін екенін жазған.
Саят Нұрбек сөзінше, бұл — отбасы мәселесіне байланысты болғанын айтты.
Қазір «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен іс қозғалған, тергеу жүріп жатыр. Министр сот шешіміне дейін нақты ештеңе айта алмайтынын атап өтті.
Ғылым және жоғары білім министрі жақында толық ақпарат берілетінін жеткізді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: