Жетісу облысында ерлі-зайыпты есірткі таратумен айналысты деген күдікке ілінді
Жетісу облысында ерлі-зайыпты есірткі таратумен айналысты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полицейлер оларды Талдықорған қаласында ұстады.
Күдіктілер – 33 жастағы әйел мен 43 жастағы ер адам.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер куратордан нұсқау алып, тыйым салынған заттарды «жасырын орындарға қалдыру» тәсілімен таратумен айналысқан.
Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 260 грамм мефедрон тәркіленді.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: