Қазақстан бала құқығы жөнінен әлемдік рейтингте үздік 25 елдің қатарына кірді

Қазақстан балалар құқықтарын бағалайтын KidsRights 2026 жаһандық индексінде 24-орынға тұрақтаған, деп хабарлады Arbat.Media.

Роттердамдағы Эразмус университеті мен халықаралық KidsRights ұйымы бірлесіп әзірлеген зерттеуде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясына қатысушы 194 мемлекеттің әлеуеті сынға түскен.

Баланың өмір сүруі, денсаулығы, білім алуы, қорғалуы және дамуына қолайлы орта. Бағалау кезінде осы бес негізгі бағыт басты назарға алынған. Рейтингте 0,871 баллмен Нидерланд көш бастап тұр. Қазақстан 24-орынды иеленіп, Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азиядағы бірқатар елден жоғары нәтиже көрсеткен.

Бала құқық рейтинг ел
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:13 Қазақстан жаңалықтары
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар