Қазақстан криптовалюта үшін табыс салығын алып тастауы мүмкін
Қазақстанда криптовалюта үшін табыс салығын алып тастау ұсынылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мұндай ұсыныс үкіметте Салық кодексіне енгізілетін өзгерістерді талқылау кезінде айтылды. Әзірге салықты үш жылға алу мәселесі көтерілген.Алайда бұл жеңілдік барлық мәмілеге бірдей қолданылмайды. Ол тек Қазақстандағы цифрлық активтер қызметін көрсететін лицензияланған провайдерлер арқылы жасалған операцияларға ғана қатысты болады.Егер түзетулер қабылданса, бұл салықтық жеңілдік 2026 жылғы 1 қаңтардан 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде болады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: