Тәртіп сақшылары адам саудасына қатысты 135 қылмыстың бетін ашты

ІІМ мәліметінше, ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар 40-тан астам топтың қызметіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

240-тан астам криминалдық орта өкілі қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Азаматтарды бопсалауға қатысты 440-тан астам факті анықталған.

«Олардың қатарында кәсіпкерлерге және білім беру ұйымдарына қатысты фактілер де бар», - дейді полицейлер.

Заңсыз айналымнан 380-ге жуық атыс және травматикалық қару, сондай-ақ 5 мыңнан астам оқ-дәріні тәркіледі.

Қылмыс ұйым Оқ-дәрі полиция

Тақырыпқа жаңалықтар