Қазақстан жаңалықтары21 сәуір 2026, 13:20

Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Біз – тарихы ортақ, тамыры бір бауырлас елдерміз, көшпенді халықтардың ұрпағымыз. Қазақ пен моңғол – ғасырлар бойы іргесі бөлінбеген көршілер. Халықтарымыздың өмір салты, әдет-ғұрпы өте ұқсас. Қазір де осы мәңгі құндылықтарды арқау етіп келеміз. Бүгінде ықпалдастығымыз стратегиялық серіктестік рухында дамуда. Мемлекетаралық, парламентаралық және үкіметаралық байланыстарымыз нығаюда, – деді Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев.

Араға жиырма жыл салып Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніме қуаныштымын. Сіздің осыдан екі жыл бұрын біздің елімізге жасаған мемлекеттік сапарыңыз моңғол-қазақ қарым-қатынастарын стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерді. Бұл уақиға екіжақты байланыстар тарихына алтын әріппен жазылатыны сөзсіз, – деді Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух.

Қазақстан Моңғолия Президент Келіссөз

Тақырыпқа жаңалықтар