Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізіп, кешкі ас ішті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бейресми кездесуі өткізіп, кешкі ас ішті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тоқаев Ресей президентіне ерекше сый-құрметі үшін алғыс білдірді.

«Шын мәнінде, Ресей астанасындағы ыстық ықылас мені қатты таңғалдырды әрі қуантты. Екіжақты ынтымақтастық стратегиялық серіктестік, одақтастық қатынастар сипатына ие. Барлық бағытта бірлесе жұмыс атқарып келеміз. Мемлекеттеріміз арасында ешқандай түйткіл жоқ. Мәселе туындаған күннің өзінде президенттер мен үкіметтер басшыларының күш-жігері арқасында оң шешімін табады», - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Ресей президентінің шақыртуын зор ықыласпен қабыл алғанын айтты. Тоқаевтың Путинмен талқылағысы келетін біраз пікір-пайымы бар екен.

Бейресми кездесу барысында Ресей президенті де Тоқаевқа уақыт тауып келгені үшін алғыс айтты. Владимир Путин барлық өзекті мәселелерді талқылайтынын айтты.

«Бүгін бейресми жағдайда кездесіп, барлық өзекті мәселе бойынша әңгімелесеміз. Ал ертең әріптестермен бірге екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібін қарастырамыз және перспективті бағыттарға назар аударамыз. Жалпы алғанда, біз осы жылды өте жақсы нәтижелермен аяқтаймыз, сондай-ақ таяу келешекке арналған жоспарды орындаймыз деп ойлаймын», - деді Ресей басшысы.

Ресей Тоқаев Путин Кездесу

Тақырыпқа жаңалықтар