Қазақстан құрамасының бас бапкері отставкаға кетті
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Қазақстан Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылғаннан кейін қызметінен кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әли Әлиев ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында команда нәтижесі үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдеді.
«Барлық жауапкершілікті өзіме аламын. Отставкаға өтініш жазамын», - деді ол.
Мұның алдында Әли Әлиевтің шәкірттері Астанада Уэльсті қабылдап, 0:1 есебімен жеңілген еді. Ал, жалпы, іріктеу турнирінде 5 матч өткізіп, оның тек біреуінде – Люксембургпен болған ойында жеңіске жетті.
Айта кетейік, Әлиев бұл қызметке биыл қаңтарда келген. Ол ресейлік маман Станислав Черчесовты алмастырған еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: