Қазақстанда 160-тан аса адам мүгедектік алу үшін жалған медициналық құжат жасатқан

Қазақстанда 160-тан аса адам мүгедектік алу үшін жалған медициналық құжат жасатқан, деп хабарлайды Arbat.Media.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, медициналық құжаттарды талдау нәтижесінде қолдан жасау белгілері бар 167 дерек анықталған.

Әртүрлі пациенттерге бірдей мазмұндағы құжаттардың "көшірме" тәсілімен рәсімделгені тіркелген.

Сонымен қатар зертханалық талдаулардың нәтижелері, анамнез және мамандардың қорытындылары толық сәйкес келетін жағдайлар анықталды.

Мұндай құжаттарда тек пациенттердің жеке деректері мен тексеру күндері ғана өзгертіліп, негізгі мазмұны өзгеріссіз қалдырылған.

мүгедек Құжат жалған ел

Тақырыпқа жаңалықтар