Қазақстан жаңалықтары4 қазан 2024, 11:00

Қазақстанда алғаш рет хоккейден Азия чемпионаты өтеді

Елімізде тұңғыш рет Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) шеңберінде Азия чемпионаты өтеді. Чемпионат Алматы қаласындағы Halyk Arena стадионында өтеді. Еске салайық, Halyk Arena-да халықаралық хоккей біріншіліктері соңғы рет 2017 жылғы Универсиада ойындары шеңберінде өтіп, Қазақстанның хоккей ұжымы күміс жүлде еншілеген еді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Азия чемпионаты 2024 жылғы қараша айының 6-9 күндері өтеді деп жоспарланып отыр. Қазақстан құрамасының қарсыластары – Жапония, Корея, Қытай командалары.

Qazsporttv мәліметінше, аталған байрақты бәсеке 2025 жылғы 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына дайындық болып саналады.

Азия чемпионаты Хоккей Қазақстан
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар