Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріле ме?

Мұндай ұсыныс Мәжілісте 2026–2028 жылдарға арналған бюджет талқылауы кезінде айтылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ең төменгі жалақыны көтеру Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарына негізделген жаңа есептеу әдістемесімен байланысты.

«Әлеуметтік-мәдени даму комитеті (Мәжіліс жанындағы – еск.) ең төменгі жалақыны 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін көтеріп, қайта қарау қажет деп санайды», - делінген құжатта.

Бұл ұсынысқа қатысты Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов пікір білдірді.

«Бүгін Мәжілісте 2026 жылға арналған бюджет талқыланып жатыр. Депутаттар қалай қабылдайтынын, әрине, нәтиже көрсетеді – олар дауыс береді. Алайда қазіргі бюджет жобасында ең төменгі жалақыны көтеруге қаражат қарастырылмаған», - деді ол.

жалақы Қазақ Жұмысшы маман

Тақырыпқа жаңалықтар