Қазақстан жаңалықтары14 сәуір 2026, 17:38

Қазақстанда ең төменгі жалақы өсуі мүмкін

Үкімет отырысында елдегі ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отырғаны айтылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Брифинг барысында Ұлттық экономика вице-министрі Қазақстандағы ең төменгі жалақы (ЕТЖ) 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты.

Қазіргі уақытта елдегі ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды.

Вице-министр Азамат Әмриннің айтуынша, халықаралық тәжірибеде ең төменгі жалақы медианалық жалақының шамамен 50 пайызы болуы керек. Осы есеп бойынша Қазақстанда бұл көрсеткіш шамамен 300 мың теңгеге жақын.

«Сондықтан біздің мақсатымыз – ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін жеткізу», – деді ол.

Сонымен қатар, Әмрин бұл өзгерістің нақты мерзімі мемлекеттік бюджет мүмкіндіктеріне байланысты болатынын айтты.

Үкімет жалақы Көтеріледі айлық
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар