Қазақстанда педофилдерге түрмеден шығуына жарты жыл қалғанда кастрация жасалады

Қазақстанда педофилдерге түрмеден шығуына жарты жыл қалғанда кастрация жасалады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Денсаулық сақтау министрі кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасағандарға қатысты кастрация тәртібін өзгертетін бұйрыққа қол қойды.

Енді бұл шара соттың шешімімен, сотталушы түрмеден босатылуына алты ай қалғанда жүргізіледі. Ол тек кәмелетке толған қылмыскерлерге қолданылады.

Процедура жаза өтеу мекемесінде немесе амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететін клиникада жүргізіледі.

Сотқа колония әкімшілігі сотталушының жазасын өтеу мерзімі аяқталуына 12 ай қалғанда құжаттар жолдайды. Сот психикалық жай-күйі мен қайталап қылмыс жасау қаупін бағалау үшін сараптама тағайындайды.

түрме Қылмыс Зорлық Аурухана

Тақырыпқа жаңалықтар