Қазақстанда психологиялық ауытқуы бар 200 мың адам тіркелген
Денсаулық сақтау министрлігі психологиялық ауытқуы бар қазақстандықтар туралы статистика деректерін мәлім етті. Психикалық ауытқуы бар адамдарды емдеу мерзімі науқастың жай-күйіне байланысты, - деп хабарлайды Arbat.media.
«1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда психологиялық ауытқуы бар, бірақ психикалық белсенді зат тұтынбайтын 199 672 адам тіркеуде тұр. Бұл санаттағы азаматтардың көбі Қарағанды (1616,2 адам), Қостанай (1523,5 адам) және Солтүстік Қазақстан (1414,2 адам) облыстарында тіркелген. Мұндай адамдарға медициналық көмек көрсету тәртібі Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 167-бабымен және медициналық көмек ұйымдастыру стандарттарымен, медициналық көмек көрсету ережелерімен, клиникалық қаулылармен реттеледі» деп жазады , - деп жазады Kazinform агенттігі.