Қазақстанда жаңа мамандықтар пайда болады
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев елде ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мамандарды даярлау жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Arbat.media.
Оның айтуынша, бүгінде дефектолог, логопед, нейропсихолог, әлеуметтік педагог және басқа да мамандарға сұраныс жоғары. Арнайы білім беру саласындағы мамандарды еліміздегі 17 жоғары оқу орны дайындайды.
"2024–2025 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша: бакалавриатқа – 656 грант, магистратураға – 150, докторантураға – 13 грант бөлінді", – делінген Көшербаевтың депутаттық сауалға жауабында.
Білім беру бағдарламаларының тізіліміне 62 бағдарлама енгізілген:
- "Арнайы педагогика",
- "Арнайы педагогика: аутизм спектрі бұзылған балаларды сүйемелдеу (IP)",
- "Арнайы педагогика: тифлопедагогика",
- "Арнайы педагогика: инклюзивті білім беру",
- "Ерте қолдау педагогикасы (IP)",
- "Эргопедагогика (IP)" және т.б.
- ерте қолдау көрсету педагогі,
- эргопедагог,
- қарым-қатынас жәнеәлеуметтік өзара іс-әрекет бұзылыстары немесе қиындықтары бар балаларменжұмыс жөніндегі педагог,
- психикалық дамуы тежелген және оқуда қиындықтары бар балалармен жұмыс жөніндегі педагог.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: