Қазақстандық блогер құлағы нашар еститін таксисті мазақ қылды
Қазақстандық блогер құлағы нашар еститін таксисті мазақ қылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Блогер Нұрила Аманбаеваның нашар еститін таксистің көлігінде түсірген видеосы қоғамда дау тудырды. Онда ол балаға шулауға рұқсат бергенін айтып, өзі камераға ән айтқан. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл видеоны мүгедекті кемсіту деп қабылдап, блогерді сынға алды.
Кейін блогер Нұрила кешірім сұрап, видеоны әзіл ретінде түсіргенін, ешкімді ренжіту мақсатында жасалмағанын айтты. Видеоны американдық трендке еліктеп жасағанын жеткізді.
«Бұл видеоны түнде жарияладым, бірнеше сағаттан кейін оны өшірдім, себебі мұндай видеоны жариялау дұрыс емес екенін түсіндім. Барлығынан кешірім сұраймын. Бұдан былай мұндай қайталанбайды», - деді блогер.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: