Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

“Ильярчик” (andersonchik1) лақапатымен белгілі қазақстандық блогер ел аумағында лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға көмектесті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қаржы мониторинг агенттігі блогерге мемлекетаралық іздеу жариялады.

Ювашев Ильяр 2024-2025 жылдары интернет-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан.

“Қаржылық ағындарды заңдастыру және операцияларды жасыру үшін 22 жалған заңды тұлға тіркелген, сондай-ақ POS-терминалдар мен электрондық төлем құралдары қолданылған, олар арқылы ойыншылардан жалпы сомасы 3,6 миллиард теңгеден астам қаражат түскен”, – делінген хабарламада.

Лақапат түрме Іздеу халықаралық
Кеше, 10:32 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 18:35 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:37 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар