Қазақстандық экс-судьяны өз енесі өлтіріп, денесін қала шетіне шығарып тастаған

Қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваны өлтірді деген күдікпен күйеуінің анасына халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Arbatmedia.

Дармштадт қаласының сотының шешімі бойынша марқұмның жұбайының анасы Наталья Донцова кісі өлтірді деп айыпталып отыр. Германия полициясы оның үстінен Германия және Еуропа аумағында қамауға алу туралы ордер шығарды. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз, ол халықаралық іздеуде жүр, – деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, соңғы жылдары отбасымен бірге Германияда тұрған 40 жастағы Айгүлдің мәйіті өткен жылдың маусым айында Бенсхайм қаласының шетінен табылған болатын.

Германия судья Іздеу ене

Тақырыпқа жаңалықтар