Қазақстандық оқушылар көктемгі демалыста қанша күн демалады?
Қазақстандық мектеп оқушылары көктемгі каникулда шамамен бір жарым апта демалады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қазақстан мектептерінде көктемгі демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызда аяқталады. Жалпы алғанда оқушылар 11 күн демалады. Ал 30 наурыз – жаңа оқу мерзімінің алғашқы күні.
Демалыс кезінде балалардың бос уақытын пайдалы өткізу үшін түрлі мәдени-танымдық және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған.
«Осы уақыт ішінде балалардың бос уақытын мазмұнды әрі пайдалы өткізу үшін «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында арнайы іс-шаралар кешені ұйымдастырылады», – деп хабарлады ведомстводағылар.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: