Қазақстандық танымал режиссер қайтыс болды
Қазақстандық режиссер Сламбек Тәуекел өмірден өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сламбек Тәуекел - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі кинорежиссер, сценарист, "Құрмет" және "Құрмет белгісі" ордендерінің иегері.
Режиссер 1971 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК) тәмамдаған.
Ол "Жоғалған өлке", "Наурыз", "Батыр Баян", "Асанәлі", "Сәтбаев", "Бір бала", "Махамбет" және басқа да көптеген деректі және көркем фильмдердің режиссері.
Ол 78 жасында дүниеден өтті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: