Қазақстандықтар ел ішіндегі сапарларға 659,2 миллиард теңге жұмсаған

Ұлттық статистика бюросы туристердің шығын көлемін жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өткен жылы туристік сапарға шыққан азаматтар саны 11 771,4 мың адамды құрады, оның ішінде республика шегінде 10 265,5 мың адам (87,2%), республикадан тыс жерлерге – 1 505,9 мың адам (12,8%) сапарға шыққан.

Сапарлардың 94,1%-ы жеке мақсатта жасалған. Іскерлік сапарлар үлесі - 5,9%.

Ең көп келуші тіркелген өңірлердің қатарында Астана қаласы, Түркістан облысы, сондай-ақ Алматы қаласы, Алматы және Қарағанды облыстары бар.

Ел ішінде сапарлағандар жеке меншік автокөлігін (36,1%) және теміржол көлігін (26,4%), ал сырт елге барушылар – әуе көлігін (55,7%) таңдаған.

2025 жылы туристік сапарға шыққандардың ақшалай шығыстары 1 134,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде ел ішінде сапарлағандардікі – 659,2 млрд теңге (58,1%).

сапар Қаржы Қызмет Көлік
17 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
17 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
17 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар