Қазақстанға мамырда Путин келеді
Бүгін 16 ақпанда Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті. Ресей басшысы Қазақстанға мамыр айында келетін болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тараптар Ресей мен Қазақстан арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту жөнінде әңгімелесті. ЭӘсіресе, сауда-экономикалық саладағы өзара тиімді бірлескен жобаларға баса назар аударылды.
Владимир Путин мамыр айының соңында Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысатынын айтты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: