Қазақстанның тағы бір өңірінде жеңіл көлік аударылып, екі адам қаза болды

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тауып, жүргізуші жарақат алды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Полицияның Instagram-дағы парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, жол апаты 2 қазанда Атамекен ауылының маңында 17 км жерде "Павлодар-Қызылорда" автожолында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай жылқыға соғылып, салдарынан автокөлік жолдан шығып кетіп, аударылған.

"Тергеу аясында жылқы иесінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін, әсіресе, көлік көп жүретін жерлерде қатаң сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады", - делінген хабарламада.

 

павлодар Апат Көлік Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар