Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Бивол сотталды
Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Бивол сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Ленин аудандық соты блогер Екатерина Биволды қазақтар мен қырғыздардың ар-намысына тиетін сөздер айтқаны үшін кінәлі деп таныды.
Іс материалдарына сәйкес, ол әлеуметтік желіде жариялаған видеоларында ұлт өкілдерін кемсітетін мәлімдемелер жасаған. Жүргізілген сараптама оның әрекеттерінен ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері анықталғанын көрсетті.
Сот шешімімен Екатерина Бивол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: