Қазақтарды қаралаған Алика Мұхамадиева 4 жылға сотталуы мүмкін

Алика Мұхамадиеваның кінәсі дәлелденсе жазасын 4 жылдан кейін өтеуі мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.

Прокурор Фарида Сәдуова сотта мемлекеттік айыптауды қолдап, Алика Мұхамадиеваны кінәлі деп танып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сонымен қатар ол айыпталушының 2023 жылы туған сәбиі барын ескеріп, жазаны кейінге қалдыруды сұрады.

- Бас бостандығынан айыру жазасын өтеуді 4 жылға шегеру, бірақ оның баласы 14 жасқа толғанға дейін ғана мүмкіндік беру ұсынылады.

Прокурордың айтуынша, Мұхамадиева әрекеті ауыр санаттағы және қасақана жасалған қылмыс болып саналады.

Прокурор Қазақ қаралады сот

Тақырыпқа жаңалықтар