Қазақстан жаңалықтары18 наурыз 2026, 10:31

Қоқыс жәшігіндегі мәйіт: Ақтөбеде болған сұмдық оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды

Ақтөбе қаласындағы аулалардың бірінен ер адамның мәйіті табылған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, ұстаған.

“Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен марқұм бірге ішімдік ішу кезінде араларында жанжал туындаған, сол жанжалда күдікті марқұмға бірнеше пышақ жарақатын салған”, – делінген полиция хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Ақтөбе Қала жәшік мәйіт

Тақырыпқа жаңалықтар