Қостанайлық жасөспірім үйінен 2,5 млн теңгені алып Астанаға қашып кеткен
Қостанайлық жасөспірім үйінен 2,5 млн теңгені алып Астанаға қашып кеткен. 15 жастағы жасөспірімнің із-түзсіз жоғалып кеткені туралы полицияға ата-анасы мәлімдеген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ол танысына кітап апару үшін үйден шығып, қайтып оралмаған.
Жасөспірімді Ақмола облысы патрульдік полиция түнгі сағат 3 шамасында "Екатеринбург-Алматы" автожолында "Чанган" көлігінде анықтайды.
«Жасөспірім үйден өзі еркімен кеткенін және үйдегі жанжал мен сабақтағы проблемалардан арылып Астанада өз бетінше өмір үшін ақшаны қолды қылғанын атты», - дейді полиция.
Баланың табылғаны туралы ата-анасына хабар беріліп, ол Астрахан ауданының полиция бөліміне уақытша тапсырылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: