Қазақстан жаңалықтары9 сәуір 2024, 8:23

Құлсары қаласынан 33 мыңнан астам адам көшірілді

Алдын ала болжам бойынша Құлсары қаласында 2810 тұрғын үй су астында қалды. Су тасқының салдарын жоюға 231 бірлік техника, 1198 жеке құрам, 18 бірлік жүзу құралдары, 19 бірлік мотопомпа жұмылдырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау облысы Құлсары қаласынан жалпы саны 33 641 адам көшірілді және 201 уақытша орналасу орындары дайындалды.

Жалпы саны 84 қоңырау түсіп, 173 адам құтқарылды, оның ішінде 15 бала. 248 мал басы және 27 үй жануарлары қауіпсіз орындарға көшірілді.

Құлсары БҚО эвакуация

Тақырыпқа жаңалықтар