Қазақстан жаңалықтары20 мамыр 2024, 11:00

Құлсарыдан 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды

«Жылыой Тазалық» ЖШС-нің учаске басшысы Асқар Теміржанның мәліметінше, қоқысты жинау, шығару жұмысына 38 қызметкер 17 арнайы техника, 5 жүк тиегіш бөлінген, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Біздің міндетіміз – үйлер мен аулаларды қоқыстардан тез арада тазарту. Осылайша тұрғындардың жөндеу жұмыстарын жүргізіп, үйлерін ретке келтіре алуына жағдай жасауымыз керек. Құлсары қаласындағы су басқан үйлерден күніне 1,7 тоннаға дейін тұрмыстық қалдықтар жиналады. Бүгін су басқан аулалардан коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері 10 тоннадан астам қоқыс пен тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарды», - дейді Асқар Теміржан, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Жылыой Тазалық» ЖШС-нің учаске басшысының дерегіне сүйенсек, күн сайын 5 бригада қоқыс жинауға жұмылдырылады. Бригадалар таңертеңгі сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Құлсары қоқыс Тасқын

Тақырыпқа жаңалықтар