“Құмар ойындарының артында тұр”: Айтым Жақыпов туралы сұмдық ақпарат шықты

Журналист Жан Ахмадиев Айтым Жақыпов туралы сұмдық ақпарат айтты, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Блогерге “Айтым Жақыпов құмар ойындарының артында тұр” деген ақпарат келіп түскен. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. 

“Семіздерді арықтатып, есімін шығарған Айтым Жақыпов туралы тың дерек келіп түсті. Ислам дінін ұстанушы, 2 млн-нан аса оқырманы бар блогер құмар ойын операторларымен байланыста болуы мүмкін бе? “Nomapay” фирмасының құрылтайшысы өзі екені анықталған”, - деп жазды Жан Ахмадиев.

Блогер бұл істің ислам дініне, мұсылман қағидаларына қарсы екенін айтып, Айтым Жақыповқа сұрау жіберді.

 

 

 

Айтым Жақыпов Жан Ахмадиев Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар