Қытайда пранк жасаған қазақстандық блогердің басы тағы дауға қалды

Қытайда пранк жасаған қазақстандық блогердің басы тағы дауға қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Блогер Аружан Айбекова бұл жолы Ташкент метросында пранк жасап, жұрттың сынына қалды. Ол видеода бейтаныс жігіттердің қол-аяғынан ұстап, әдеттегі ерсі контент түсірген.

Көпшілік мұны әдепсіздік деп бағалап, «қоғамда әйелдерге қатысты харассментке қарсы күрес жүріп жатқанда, мұндай әрекет орынсыз» деп жазды.

Енді оған Өзбекстанда әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін. Бұған дейін ол Қытайда да пранк үшін біраз келеңсіздікке тап болған еді.

Қытай Өзбекстан ташкент блогер

Тақырыпқа жаңалықтар