Қызылордада мектеп дәретханасында жасөспірім соққыға жығылды

Қызылордада №198 мектептің 10-сынып оқушысы Олег Кимді мектеп дәретханасында бірнеше бала ұрып-соқты. Анасы баласының құқығын қорғап, әділдік іздеп жүр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға 8 қазан күні таңертең қаладағы №198 орта мектеп дәретханасында болған. Жанжалдан бір күн бұрын “Күзгі бал” байқауының чатында Олег пен басқа сыныптың бір оқушысы арасында кикілжің туындаған. Олегтің анасы Наталья Кимнің айтуынша, баласын алты мектеп оқушысы ұрып-соққан. Бірақ полиция хаттамасында төбелес «екеуара жанжал» деп көрсетілген. Тергеуші әлі күнге дейін соққыға жығылған баладан жауап алмапты. Сонымен қатар сот-медициналық сараптама да тағайындалмаған.

Олегтің анасы баласының екі жерден жақ сүйегі мен мұрны сынғанын, және миы шайқалғанын айтты. Олег ауруханада ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оған ота жасап, жақ сүйектерін уақытша темірмен бекіткен. Анасы әділ тергеу мен кінәлілердің жазалануын қалайды.

Қызылорда Мектеп Оқушы соққыға жығылды

Тақырыпқа жаңалықтар