Қызылордада халықаралық іздеуге жүрген күдікті қолға түсті
Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер қолға түсті. Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Аталған шара барысында Қызылорда қаласының халықаралық іздеуде жүрген 44 жастағы тұрғыны қолға түсті, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Ол екі жылдан бері тергеуден бой тасалап жүрген болатын. Полицейлер күдіктіні Қызылорда қаласында жасырынып жүрген жерінен анықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: