Рахат Тұрлыхановдың ісін прокуратура тексереді

Әйеліне күш көрсетті деп айыпталған Рахат Тұрлыхановтың ісі прокурорға жолданды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматы соттарының мәліметінше, Рахат Тұрлыханов үйінде жұбайымен жанжалдасып, оны қорлап, қорқытып, айқайлап, үйдегі тыныштықты бұзған.

Сот қаулысымен іс материалдары жәбірленушінің бұған дейінгі дене жарақатын келтіру туралы бастапқы арызын ескере отырып, қылмыстық әрекет белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін прокурорға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жолданды.

Айта кетейік, 15 наурызда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталған еді. Бұған дейін де Рахат Тұрлыханов осындай оқиғаларға қатысты бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір жағдайда 10 тәулікке қамауға алынған.

Тұрлыханов Қылмыс Әйел Алматы
Кеше, 12:22 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:28 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:02 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 20:14 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар