Семей орманындағы өртте қаза тапқандарға  ескерткіш қойылды

Семей орманындағы өртте қаза тапқандарға ескерткіш қойылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Семей орманы» резерватындағы өрттен көз жұмған өрт сөндірушілер мен орманшылардың құрметіне Абай облысы, Бородулиха ауданында ескерткіш ашылды. Композицияның авторы — мүсінші Нұрбол Қалиев.

Гранит тұғырға орнатылған сегіз метрлік ескерткіш марқұмдардың батылдығы мен өз істеріне деген адалдығын бейнелейтін рельефтермен безендірілген.

Былтыр «Семей орманы» резерватында шыққан өрттен 15 адам қайтыс болған еді.

семей орманы Қаза болды

Тақырыпқа жаңалықтар