Қазақстан жаңалықтары21 қазан 2025, 10:41

Семейде ірі жол апаты болды

Семейде ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

20 қазанда сағат 16:29 шамасында Қаржаубайұлы көшесінде Hyundai Tucson жүргізушісі жылдамдықты сақтамай, алдындағы Nissan Skyline көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан 3 автокөлік қатысқан тізбекті апат тіркелді.

Hyundai мен Nissan жүргізушілері тексеру үшін ауруханаға жеткізілді. Басқа жүргізушілер жарақат алған жоқ.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

семей Жол апаты Көлік оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар