Семейде студент жігіт балаларды зорлағаны үшін өмір бойына сотталды

Заң факультетінің студенті Семейдегі екі кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тергеу мәліметтері бойынша, жігіт 2022 жылы және 2025 жылдың қаңтарында 12 және 13 жастағы жас балаларға қатысты қылмыс жасаған. Бірінші эпизод кезінде айыпталушы 18 жаста еді. Сотта студент өз кінәсін мойындамай, өзін ақтауды өтінді.

Кәмелетке толмаған адамдарға қатысты зорлау және зорлық-зомбылық жасағаны үшін ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

семей Студент сот Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар