Шенеуніктердің мүлкі туралы ақпарат жыл соңына дейін жарияланбақ

Олар декларацияны 15 қыркүйекке дейін тапсырады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ал жыл соңына дейін мемлекеттік қызметкерлердің деректері әр министрліктің сайтында жарияланады.

Онда жалақы көрсетілмейді. Қаржы министрінің сөзінше, кімнің қанша алатыны ведомствоға көрініп тұрады.

«Министрліктердің кадрлық қызметтері мемлекеттік қызметкерлердің декларацияларын басып шығарады. Өткен жылы сатып алған барлық мүлік, бағалы қағаздар және тағы басқасы көрсетіледі, сонымен қатар қаржыландыру көздері де көрсетіледі. Сондықтан жыл соңы сіздер үшін қызықты болады», – деді Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин.

шенеунік Ақпарат дерек жыл соңы
13 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:33 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар