Шенген визасын алу жеңілдей ме?
Еуропалық Одақ соңғы 8 жылда ешқандай елмен барыс-келісті жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізбеген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тек жақында ғана Брюсселде Қазақстан мен Еуроодақ визалық режимді жеңілдетуге қатысты дайындық жұмыстары басталды. Қазір келіссөздер нәтижесі белгісіз, алайда тараптар жұмысты ілгерілету жолында жұмыс жасап жатыр.
«Президент Кошта визаны жеңілдету тек Қазақстан азаматтары үшін ғана емес, Еуропалық Одақ тұрғындары үшін де бірдей маңызды екенін айтты. Өйткені білім алу, бизнес жүргізу және инвестиция салу үшін Қазақстанға келетін еуропалықтар саны көп. Виза тәртібінің жеңілдеуі екі тарапқа да еркін қозғалыс пен жаңа мүмкіндіктер ашады», - дейді Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Роман Василенко.
Қазақстан мен Еуропа Одағы серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысыАнтониу Коштаны І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.