Қазақстан жаңалықтары28 сәуір 2024, 9:00

Сергеев су қоймасы тасқын су шегінен өтті

Сергеев су қоймасында тасқын судың екінші толқыны өтті. Қазіргі уақытта бөгеттен аққан су 242 см, 121 см төмендеу бар. Екінші толқын сәуір айының соңына дейін өтеді деп болжанып отыр. Есіл өзенінің сағасындағы су басқан үйлер саны енді көбеймейді дейді. Облыста 2 349 отбасы 100 АЕК мөлшерінде 867,3 млн теңге біржолғы төлем алыпты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин айтып берді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Жалпы саны 14 388 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 764 адам ғана үйіне қайта оралды. Әзірге 242 адам эвакуациялық қабылдау пунктінде. Петропавлда 224 адам екі жаңа жатақханаға қоныстанды, олардың барлығы қажетті мүлікпен қамтамасыз етілген. Аудандарда және Петропавл қаласында зардап шеккен тұрғын үйді бағалау бойынша топтар құрылды. Әзірге 369 үйден су кетті, 62 үйге техникалық тексеру жүргізілді, 252 үйге бағалау алынды. Жұмыс жалғасып жатыр», - деді С.Ғайсин.

 

 

Тасқын Сергеев су қоймасы тұрақталды
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
19 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
19 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар