Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандар жазасын қалай өтеп жатыр?

Мәжілістегі үкімет сағаты кулуарында Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков Шерзат Болаттың өліміне қатысты істе кінәлі деп танылғандар жазасын қалай өтеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

"Олар 7-8 адамнан тұратын топ, сот үкімі бойынша олар жазасын қауіпсіздігі орташа режимдегі мекемеде өтеп жатыр. Заңға сәйкес жазаларын жалпы режимде өтейді", - деді ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков.

Сондай-ақ комитет төрағасы сотталғандар сот белгілеген моральдық шығынды өтеу үшін жұмысқа әлі кіріспегенін айтты.

"Олар жақында ғана келді, оларды жұмысқа деген біліктілігі тексерілген соң және оқытылғаннан кейін жұмысқа орналастыру мәселесін шешеміз", - деді Абай Қайырбеков.

Журналистер уақытша ұстау изоляторларының бірінде туған күн тойлауға қатысты оқиғаны да атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, желіде Шерзат Болатты өлтірді деп айыпталған күдіктілердің туған күн тойлатып жатқаны хабарланған еді.

"Мұндай жағдайға енді жол берілмейді. Бұл оқиға уақытша ұстау изоляторында болды. Мұндай фактілердің мекемеде ұстау кезінде болуы мүмкін емес. Бейнебақылау камералары бар. Бұл оқиғаға байланысты Алматы полиция департаменті тексеру жүргізіп, жауапты жетекшілер жазаланды", - деді ҚАЖД төрағасы.

Шерзат Полат сот түрме Күдікті

Тақырыпқа жаңалықтар