“Шерзат Полат ісі”: Қылмыскерлерге үкім шықты

Бүгін Шерзат Полатты өлтіргендерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұған дейін Талдықорғанда өткен сот отырысында іс жан-жақты қаралды. Басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Равиль Сакиев - 20 жыл, Азамат Тоқтаубаев - 15 жыл, Шыңғыс Белғожаев - 7 жыл, Дархан Әскентай - 7 жыл, Нұрқияс Ілиясов - 7 жыл, Нұрбол Тоқтаубаев - 7 жыл, Дидар Қалиахмет - 7 жыл, Думан Ысқақ - 1 жыл 6 ай мерзімге сотталды. 

2024 жылдың 4 қазанында Талғар қаласында 16 жасар Шерзат Болаттың қаза табуы елді дүр сілкіндірді. 2025 жылдың 10 сәуірінде Талдықкорған қаласында арнайы сот басталады. Құқық қорғау органдары бұл істі өз бақылауына алып, тергеу жұмыстарын жүргізді. Жалпы, бұл қылмыстық іс бойынша 40-тан астам сот сараптамасы өткізілді, 200-ге жуық куәгерден жауап алынды. Сонымен қатар, барлық күдіктілермен тергеу амалдары, оқиға болған жердегі тексеру мен куәгерлермен беттестіру жұмыстары жүргізілді. Іс бойынша тергеу барысында 8 видеоматериал зерттеліп, қылмысқа қатысы бар барлық тұлғаларға құқықтық баға берілді.

3 маусым күні сотталушылар соңғы сөзін сөйледі. Айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев ешкімді ұрмағанын, бірақ топтың ортасында болғандықтан ақталмаймын деді. Ал Шыңғыс Белғожаев судьядан Қаржаубайды күдікті деп тануын сұраған. Сотталушы Нұрқияс Ілиясов болса, Ғайыпбаевты мылтықтың дүбімен ұрғанын мойындады. Алайда Шерзат Полатқа қолымның ұшы да тимеді деді. Бұзақылық бабы бойынша айыпталған Дидар Қалиахмет өзінің кінәсін мойындаған жоқ және ол «Прокурор дәлелсіз жала жапты» деп мәлімдеді. Ал Шерзаттың өліміне басты кінәлі ретінде айыпталған Абзал Шынасыл өзіне тағылған кінәні негізсіз деп санайды. Ол «Тек Ғайыпбаевтың жамбасына үш рет пышақ сұқтым, бірақ Шерзатпен бетпе бет келмедім» деді.

мемлекеттік айыптаушы соттан жасөспірімнің қазасына байланысты айып тағылған тоғыз адамды қылмыс жасағаны үшін айыпты деп тануды сұрады. Прокурор оларды келесідей мерзімге бостандығынан айыруды ұсынды:

 

  • Абзал Шынасыл – Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) және 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 24-баптың 3-бөлігі (қылмыс жасауға дайындалу және қылмыс жасауға оқталу) бойынша – 23 жыл;
  • Равиль Сакиев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 293-24-баптың 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) – 20 жыл;
  • Шыңгыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық)– жеті жыл;
  • Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – жеті жыл;
  • Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – тоғыз жыл;
  • Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – жеті жыл;
  • Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), оған қоса 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл;
  • Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – жеті жыл;
  • Д. (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) – бір жарым жыл.

 

Шерзат Полат сот үкімі

Тақырыпқа жаңалықтар