Шетелде 156 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істеп жүр

Шетелде 156 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Arbat.Media.

2023 жылдан бері шетелге жұмыс істеуге шығатын қазақстандықтардың саны азаюда. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша 156 мыңнан астам азамат шетелде еңбек етеді.

Олардың басым бөлігі Ресейде – 128 мың адам, Оңтүстік Кореяда – шамамен 15 мың, Польшада – 2 600 және Ұлыбританияда – 1 400-ге жуық қазақстандық жұмыс істейді.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан бірнеше мемлекетпен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған.

Шетел Қазақ жұмыс Ақпарат

Тақырыпқа жаңалықтар