«Сөмкемде бомба бар» деп әзілдеген жолаушы 5 тәулікке қамалды
Шымкент әуежайында Астанаға ұшқалы тұрған ер адам жүгінде жарылғыш зат бар екенін айтып, рейстен түсірілді. Көлік полициясының мәліметінше, жолаушы мас болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тексеру кезінде оның сөмкесінен ешқандай жарылғыш зат табылмады. Сол себепті әуежайда эвакуация жүргізілген жоқ.
Ер адам қоғамдық орында мас күйде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: