Сотталушылар Шерзаттың туыстарына қанша өтемақы төлейді?

Марқұм Шерзат Полаттың ата-анасы мен әжесінің моральдық өтемақыны өндіру туралы талап-арызы ішінара қанағаттандырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Басты айыпталушы Абзал Шынасыл олардың пайдасына жалпы 60 млн теңге моральдық зиян төлейді.

Ал жауапкер Равиль Сакиев Қаржаубай Нұрымов пен Жұмабике Кадироваға (Шерзаттың әжесі) жалпы 30 млн теңге төлеуі тиіс. Сондай-ақ, ол Шерзаттың анасына 10 млн теңге моральдық зиян төлеуге міндеттелді.

Сотталушылар Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Азамат Тоқтаубаев 30 млн теңгеден моральдық зиян өндіріледі.

Шерзат Полат сот Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар