СҚО-да өртеніп шатыры құлаған үйден 5 жастағы қыздың денесі табылды
Солтүстік Қазақстанда облысында бір күнде екі бірдей қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ольшанка ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, шатыры құлады. Құтқарушылар үй ішінен 5 жастағы қыз баланың денесін тапты.
Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандарының айтуынша, бала өлімімен аяқталған Ольшанка ауылындағы өрт пешті дұрыс пайдаланбаудан шыққан.
«Оқиға орнына СҚО ТЖД басшылығы барды. Қазіргі уақытта баланың анасына психологиялық көмек көрсетілуде. Тілсіз жауды ауыздықтауға 11 техника мен 35 маман жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша өрт пешті дұрыс пайдаланбаудан шыққан», – деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Ал Приишимка ауылында өртенген тұрғын үйден 52 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: