СҚО-да өрттен қаза тапқан баланың анасы тұтқындалды
18 қаңтар күні кешке Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданына қарасты Ольшанка ауылында өрт шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы оқиға салдарынан бес жастағы қыз көз жұмды.
Көз жұмған кішкентай қыздың анасы қамауға алынды. Тергеу дерегінше, әйел баласын үйде жалғыз қалдырып, есікті сыртынан жауып, қонаққа кеткен. Өрт салдарынан үйде қамалып қалған бала шыға алмай, қаза тапты.
Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өрт сөндірушілер келген сәтте үй толықтай отқа оранып, тіпті шатыры да опырылған. Өртті сөндіруге 35 қызметкер мен 11 техника жұмылдырылды. Алдын ала себеп — пешпен жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: